Маңғыстау облысында сағат 19:00-ден кейін далаға шығуға тыйым салынды

Маңғыстау облысында сағат 19:00-ден кейін далаға шығуға тыйым салынды

Қазақстанның бірқатар өңірінде карантин режимі жеңілдетіліп жатса, Маңғыстау облысында оны қатаңдату туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Lada.kz облыстың бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың сөзіне сілтеме жасап. Маңғыстау облысының барлық елді мекенінде адамдар мен жеке автокөліктердің еркін қозғалысы екі сағатқа қысқарды. Қоғамдық көлік кем дегенде 25 мамырға дейін тоқтап тұрады, деп мәлімдеді брифингте Ерғали Сыдыманов. Әуе қатынасы да іске қосылмайды, себебі өңірде аурудың таралу өсімі 8,1%-ті көрсеткен. Тұрғындардың карантин режимін сақтамауы салдарынан осындай қатаң шаралар қабылданды. "Біз ата-аналарға кешкі 22.00-ге дейін балаларымен бірге серуендеуге рұқсат бердік, бірақ карантин талаптары сақталмады. Мысалы, менің үйімнің ауласында түнгі сағат он екіге дейін балалар ойнап жүреді, сондықтан біз уақытты қысқарттық. Жұмысқа баратындарға келетін болсақ, жұмыс берушілер қызметкерлерді бір сағатқа немесе жарты сағат бұрын босата алады, бірақ сағат жетіде барлық адам үйде болуы тиіс", - деп келтірді Tumba.kz порталы Ерғали Сыдымановтың сөзін. Сонымен қатар білім басқармасымен бірлесе отырып, карантин кезінде қандай балабақшаларда топ ашылатыны шешіліп жатыр.