Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жаңа елшілер тағайындалды.
Аркен Арыстанов Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Дәурен Кәріпов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Айдарбек Тұматов Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.