Қазақстандықтарға қашан той өткізуге болады?
Қазақстандықтарға қашан той өткізуге болады?
© pixabay.com
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталған соң отбасылық іс-шараларды өткізуге қатысты пікірін айтты. Бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша, отбасылық және еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салынады. Онлайн брифинг барысында журналистер қазақстандықтарға енді үйлену тойларын, құдалық және тағы сол сияқты іс-шараларды өткізе ала ма деген сұрақ қойды.
"Бүгінде елдегі эпидемиологиялық жағдай бізге адам көп жиналатын іс-шараларды өткізуге рұқсат бермейді. Ол ғимараттар болсын, аулада болсын тыйым салынады. Себебі коронавирус инфекциясы бізде әлі де бар. Ол өте жұқпалы. Барлығының осындай іс-шараларды өткізгісі келетінін түсінеміз. Бірақ сонда да біз өзгелерді де ойлауымыз керек. Сондықтан мен барлығыңыздан осы мәселеге түсіністікпен қарап, алдын алу шараларын ұстануды сұраймыз", - деді Есмағамбетова.