Ресей президентінің баспасөз хатшысы коронавирус жұқтырды

Ресей президентінің баспасөз хатшысы коронавирус жұқтырды

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков коронавирус жұқтырды. Бұл ақпаратты ол өзі растады, деп хабарлайды РИА Новости. Қазіргі уақытта Песков ауруханада жатыр. Айта кетейік, індетпен күрес федералды жедел штабтың мәліметінше, Ресейде жаңа коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 232 243-ке жетті. Ресми расталған жағдайлар саны бойынша Ресей Испаниядан озып, әлем бойынша екінші орынға шықты