Нұр-Сұлтан қаласында аудан әкімі ескерту алды
Нұр-Сұлтан қаласында аудан әкімі ескерту алды
5,127
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі Берік Жәкеновке ескерту жасалды. Бұл туралы елорда әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасында мәлім етілді. «Саябақтың жай-күйі мен жұмыс қарқынының төмен болуына орай Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов пен мердігер ескерту алды. Барлық кемшіліктерді түзетуге уақыт берілді. Әбу-Даби Плаза маңында орналасқан саябақ екі жыл бұрын ашылуы тиіс болатын», - делінген ақпаратта. Мәлім болғандай, аталмыш саябақ биыл ашылады деп жоспарланған. Оның аумағы 11 гектардан асады. 3,5 мыңға жуық ағаш отырғызылған. Балаларға арналған ойын алаңы, скейт-алаңы және тағы басқалары бар. Биыл Нұр-Сұлтан қаласында барлығы 50-ге жуық қоғамдық орын абаттандырылады. Олардың қатарында саябақтар, тынымбақтар және таза ауада серуендеуге арналған басқа да орындар бар. Басым бөлігі «жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жасалады. Шеткері аймақтарды дамыту аясында «Көктал» елді мекенінде саябақ құрылысы жалғасып жатыр. Саябақ аумағы тыныш демалыс аймағы, белсенді демалыс аймағы және балалар демалыс аймағы болып 3-ке бөлінеді. Саябақ аумағында 8 мың ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Сонымен бірге 4 ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Екеуінде құрылыс жұмыстары басталды.
 
View this post on Instagram
 

Саябақтың қазіргі күйі мен жұмыс қарқынының төмен болуына орай Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов пен мердігер ескерту алды. Барлық кемшіліктерді түзетуге уақыт берілді. Абу-Даби Плаза маңында орналасқан саябақ екі жыл бұрын ашылуы тиіс болатын. Желілік саябақ биыл ашылады. Саябақ аумағы 11 гектардан асады. 3,5 мыңға жуық ағаш отырғызылды. Аумақта балаларға арналған ойын алаңы, скейт-алаңы және т. б. орнатылды. Нұр-Сұлтан қаласында 50-ге жуық қоғамдық орын абаттандырылады. Олардың қатарында саябақтар, тынымбақтар және басқа да таза ауада серуендеуге арналған орындар бар. Аталмыш орындардың басым бөлігі "жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында абаттандырылады. 10 жерде жұмыстар басталды. Шеткері аймақтарды дамыту аясында "Көктал" елді-мекенінде саябақ құрылысы жалғасып жатыр. Саябақ аумағы тыныш демалыс аймағы, белсенді демалыс аймағы және балалар демалыс аймағы болып 3-ке бөлінеді. Саябақ аумағында 8 мың ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Сонымен бірге 4 ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады. 2-інде құрылыс жұмыстары басталды.

A post shared by NUR-SULTAN (@akimat_nur_sultan) on