Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қызылордада бұршақ жаууы мүмкін
Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қызылордада бұршақ жаууы мүмкін
Фото: Интернеттен алынды
135
оқылды
13 мамыр күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, кейбір өңірлерде жаңбыр жауады, оңтүстікте нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде екпінді жел, тұман, бұршақ, оңтүстікте және оңтүстік-батыста дауыл соғады деп күтілуде. Атап айтқанда, күндіз Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, күндіз Қызылорда облысында дауыл соғады. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысында тұман күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болжанады. Күндіз жел 15-20 м/с артады.