Қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттар 10 шілдеге дейін жарамды
Қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттар 10 шілдеге дейін жарамды
Фото: Интернеттен алынды
380
оқылды
Төтенше жағдай кезінде мерзімі өткен құжаттар 10 шілдеге дейін жарамды, – деп жазады 24.kz. Құжатының мерзімі өтіп кеткен азаматтар айыппұл төлемейді. Үкімет азаматтардың кейбір құжаттарын жарамды деп тану туралы қаулы қабылдады. Енді жеке басты куәландыратын құжаттар, жүргізуші куәліктері мерзімі өтіп кетсе де, 30 күн бойы жарамды деп есептеледі. Сонымен қатар елге кіруге және шығуға арналған визалар да осы уақыт ішінде ауыстырылуы қажет. ҚР ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова: «Үкіметтің қабылданған  қаулысына сәйкес, төтенше жағдай  кезінде жүргізуші куәліктерінің мерзімі өтіп кеткен жүргізушілер құжаттарын 60 күн ішінде яғни 10 шілдеге дейін ауыстыра алады», – деді.