Пушкинді еске алды
Пушкинді еске алды

– Бүгін біз орыс халқының мақ­­танышы, ұлы ақын Александр Пуш­киннің ескерткішіне гүл шо­ғын қоюмен ғана шектелмейміз. Сонымен қатар әлем таныған тұл­ға­ның мерейтойына жиналдық, – шаһардағы Абылай хан даңғылына жақын, Еуразия ұлттық университеті Студенттер жатақ­ха­на­­сының алдында орна­лас­­қан Пушкинге қойылған ескерт­кіш жанында өткен сал­танатты жиында сөз сөйлеген Нұр-Сұлтан қаласын­да­ғы Ресей ғылым және мәдениет орталы­ғының басшысы Констан­тин Воробьев осылай дей келе, Пуш­киннің өмір жолы мен шығар­машылығына тоқталып өтті. Сонымен қатар астаналық­тарға осындай ғибратты іс өткізіп, еске алып жатқандарына алғысын білдірді.

«Ашық микрофон» аясында талантқа тағзым етіп келгендер белгілі ақын­дардың Пушкинге арнаған өлең жолдарын және ақынның жеке туындыларын жатқа оқыды. Ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Бұл шараны М.Ломоносов атындағы ММУ-дің Қазақстан филиалы, Нұр-Сұлтан қаласын­дағы Ресей ғылым және мәдениет орталығы, қазақ еліндегі «Ресей ЖОО түлектері» қоғамдық бір­лестігі және қалалық Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қам­та­масыз ету жөніндегі дирекциясы ұйымдастырып, өткізгенін атай кету керек. «220 Пушкин Қ­азақ­стан­ды аралауда» деген флешмоб қы­зықты өтті. Пуш­кин болып киін­­ген бірнеше адам қаланы ара­лап, ойындар жүргізіп, ақын­ның өмірбаяны мен шығар­малары жөнінде сұрақтар қойды. Дұрыс жауап берген немесе ақынның өлеңдерін жатқа айт­қан­дарға арнайы сыйлық табыс­талды. Мұндай кеш Қара­ғанды, Алматы, Степногор және Көк­шетау қалаларында да жалғасын тапты.


Әділ БЕК