Күн энергиясымен жүретін қалта сағаты. Қазір олардың қандайда бір пайдаға жарағаны сенгісіз дүние.
Негізінен, бұл сағат саяхаттауды жақсы көрген әйелге тиесілі болған секілді. Бұзылмайтын "гаджетке" батарейдің де қажеті жоқ.
Тіс шұқығыш. Мұны XVI ғасырдың ІІ жартысында пайдаланған.
Бұл көзілдірік Якутиядан табылған. Аталған көне зат көзді күннің қармен шағылысуынан сақтаған.
Шаш кептіретін құрал XIX ғасырдың соңында осындай болған.
Жасанды шаш киерде себетін бас ұнтағының құтысы.
Жылытқыш (грелка). XVI - XIX ғасырларда ұйықтар алдында төсек жылытуға пайдаланған. Оның ішіне ыстық көмір толтырып, көрпенің астына салып қояды екен.
XIV - XVII ғасырлардағы аяқ киім. Ел арасында пьянелла не болмаса цокколи атауымен белгілі болған. Бұл аяқ киімді ханымдар көйлегінің етегін кірлетіп алмау үшін киген.