Жапонияның NHK телеарнасы ерекше тәжірибе жүргізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Тәжірибе барысында коронавирус инфекциясының адамнан адамға таралу жылдамдығы көрсетілді.
Коронавирустың таралу жылдамдығы видео арқылы көрсетілді
© AP

Журналистер мен инфекционист маман мейрамханада кез келген адамның басында болуы мүмкін жағдайды алған. Тәжірибеге 10 адам қатысқан. Қатысушылардың біреуінің қолына сұйықтықты жағып, оған сәуле түсірген. Бұл індет жұқтырған адам болып саналыпты.

Ол қолына жөтелген соң басқалары швед үстеліндегі ыдыстарды ала бастаған. Жарты сағаттың ішінде қатысушылардың әрқайсының терісінде көрінбейтін бояудың дақтары пайда болды. Ал үш адамда вирус бетінен табылды. Сондай-ақ, ыдыс-аяқтарда бояу пайда болған. Осылайша, тәжірибе авторлары вирустың адамнан адамға таралауы тіпті жақын қарым-қатынас жасамаса да болуы мүмкін екенін анықтады.