Мәжіліс депутаттары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгертулер енгізуді қолдады. Енді төтенше жағдай режимін бұзғандар жарты миллион теңгеге дейін айыппұл төлеуге міндеттеледі.
Осылайша 10 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін (27,7 мың теңгеден 277,8 мың теңгеге дейін) айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу көзделіп отыр. Ал ережебұзушылық екінші рет қайталанған жағдайда 200 АЕК-ке (555,6 мың теңге) дейін немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылады.