Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Мінбер

Карантиннен кейінгі медиа…

А.Ахметқазы
Мамыр 13, 2020
Мінбер, Жаңалықтар, Қазақстан
Нариман Койшыбаев
405
қаралым

Көлемі 16-18 миллиард теңгеге татитын медиа жарнама нарығының, қазақстандық медианың хал-ахуалы қандай болмақ, еңбекақы мөлшері қалай өзгермек, сондай-ақ белгісіздік жағдайында продакшн компаниялардың, студиялардың, шығармашылық бірлестіктердің карантиннен кейінгі қадамдары қандай болмақ?

Аудиториясының ауқымымен де, қаржылай инструменттердің көптігімен ерекшеленетін Батыс мемлекеттерінің ақпараттық-сауықтық медиа ресурстарына көз жүгіртейін. Пандемия жарияланғалы америкалық Cheddar Лос-Анджелестегі студиясын жауып, екі тәуелсіз бөлімшесін бір арнаға біріктірді, 165 жылдық тарихы бар британдық The Weekly News мамыр айында соңғы басылымын шығармақ, СNN компаниясы карантин мамырда аяқталатынына қарамастан, редакциясын түгелдей тек қыркүйек айында жұмысқа шығармақшы, үш ай бұрын ғана тұсауын кескен Protocol жобасы 35 қызметкерінің 13-ін жұмыстан босатты.

Әрбір журналист, медиа маманы, басшылар қай жерде әлемдік тәжірибеге сүйенеріне, қай жерде жергілікті жағдаймен төселетін шешімдерге жүгінетініне ойын жүгіртуге асық. Көңілді құлазытатын әдістермен қатар, әрине дағдарыс кезіндегі жұмыс тактикасының жағымды бетпердесін ашатын жаңалықтар да жаһандық БАҚ-та бар. Мәселен, жаңадан ашылған The Dipp басшылары жобаның мазмұнын тек реалити-шоуларға арнамақшы. Сауықтық жобалардың көбеюі салада жарнама мен қаралым санын көбейтпейтінінен хабардар медиа менеджерлер стартап секілді жұмыс жасағасы келеді және нысанасын соңғы жылдары көпшілік қалам тартпай кеткен реалити-шоу бағытына дәлдеп отыр. Медиакеңістікке жаңа реалити-шоулар жолдаумен қатар ауқымы кіші жанр жаңалықтарынан халықты хабардар етуді көздейді. Кіші нарықтарға кету де дұрыс шешім. Соңғы қырық күн ішінде радионың ізбасары подкасттар да 2%-ға таратылымын кеңейтіпті-мыс.

Түркіге ортақ телеарна

Түркістанда түркілерге ортақ телеарна іске қосылады

Нұртілеу Иманғалиұлының соңғы сұхбаттарының бірі жарияланды

Тығырықтан шығу жолында тағы бір оңтайлы тәсілді британдық Newsquest бизнес-моделіне енгізді. Бұл онлайн басылым. Алғашқы жиырма мақалаңызды тегін оқисыз. Лимитіңіз біткенде басылымға ақша төлеп жазылуға ұсыныс түседі. Жазылған соң тағы жиырма мақаланы «тегін» оқисыз деген хабарламаны аласыз. Оңтайлы шешім. Біздің нарыққа бейімдесек, оқырманыңыздан заңды түрде төлемақысын электронды киоск (paywall) арқылы алып, веб-сайтыңызды қолдану ерекшеліктерін (user experience) зерттеуге біздің елдегі порталдардың беделі мен техникалық қабілеті жете ме? Өзге тақырыпқа негіз бола алатын сұрақ: мемлекеттік қолдаудан тыс портал, сайттар оқырмандарының қаражатына өмір сүре алуға лайық па?

Сатылым жағын талдауға бір мақала жеткіліксіз болар, сондықтан талдауды медиа саласының өндірістік компаниялары бірінші кезекте назарын салатын бағытқа бұрайық. Бұл, әрине ішкі оптимизация, шығын ағынын басқару. Дамуды көздеген әр компания алдында тұратын таңдаулар:

1) Штатты қысқарту:

Оңай шешім. Алайда бұл сала мамандарының аздығын және кейіннен жаңа кадр әзірлеудің қымбаттығын есептесек, бірден қысқарта салу кейін қалтаға салмақ түсіретінін ескертейін. Әрі қарай, қарастырсақ.

2) Қызметкерлердің ақысын белгілі мөлшерлерде қысқарту:

Buzfeed басылымы жасаған әрекет осы жағдайға жақсы мысал. Қызметкеріңіздің жылдық табысы шамамен 2 миллион теңгеден аспаса, ақысының айлық мөлшерін 5%-ға қысқартасыз, жылдық табысы 2 миллион мен 3 миллион теңге арасындағыларды 7% табысынан айырылады, 3 миллионнан тұрақты табыс тапқандар ендігі табысының қысқаруына қарай шығындарын да 10%-ға қысқартуына тура келеді. Buzfeed лауазымды қызметкерлерін мүлдем аямапты. Айлықтарын 14-25% аясында қысқартқан көрінеді (сома мөлшерлері біздің нарыққа шамалап сәйкестіндірілген). Ол да дұрыс шығар. Соғыс жағдайымен пара-пар уақытта шайқас басшысы – компанияның басшысы, жауынгері – маңдай тері мен біліктілігімен нәтиже беретін қатардағы қызметкерлер.

3) Қызметкерлерді бір апта жұмысқа шығармау:

Жұмыс графигін реттеп, әрбір қызметкеріңізді айына тек үш апта ғана жұмылдыратын болсаңыз, шығыныңыз автоматты түрде 25%-ға азаяды. Бұл да сіздің құқыңыз, бастысы жұмыстан бос күндері наразылық тудырмас үшін қызметкерлеріңізге тапсырма үйіп беріп, мазаламаңыз. Мұндай күндері белсенді мамандарыңыз такси болып та, курьер болып та қосалқы жұмысты атқара алады. Мүмкін кейбіреуі блог бастап, вебинар жүргізіп немесе өзге шығармашылық бірлестіктердің жұмыстарына араласа жатар. Ондай әрекеттеріне қызғанышпен қараудан аулақ болыңыз.

4) Төрткүндік жұмыс аптасын енгізу:

Мұндай қадамдар әлемдік сахнада да белең алуда. Ұлыбританияның лейбористері еліне осындай өзгеріс әкелу үшін соңғы екі жылда күресіп келеді. Әлемдегі осы санаттағы ең жас саяси тұлға, Финляндияның премьер-министрі карантинге дейін осы бастаманы көтеріп жүрді. Ресми түрде енгізіп, берекесін көрген мемлекеттер мен компаниялар әзірге өте аз. АҚШ-тың Юта штаты, Жапонияның бірқатар ірі компаниясы, Жаңа Зеландия бойынша кейстерді ғаламтордан табасыз. Жұмыс тәртібіне өзгеріс әкелумен қатар бұл жолмен барсаңыз, кадрлардан тыс шығын тармақтарына бос қаржы шоғырланады.

 

COVID-19 кесірінен туындаған әлемдегі ахуал әр нарықты әрқилы жолдармен әртүрлі уақытта оңалтады. Кәсібіңізді сақтау үшін жасаған әрекеттеріңізді сіздің шешіміңіз ықпал ететін әрбір азамат түсінуі, қажет деңгейде сыйлауы шарт. Мықты менеджмент аяушылықтан көгермейді, орынды және уақытылы тәсілдерден ұтады. Мақалада баяндалған бірінші әдіс – қызметкерлерді қысқартуды әр кезде жүзеге асыра аласыз, бірақ дағдарыс сәтінде білікті басшы алдында қарамағындағы әріптестеріне жаңа көзқараспен қарап, қандай мотивация бере алатыны және өзара қандай жетістіктерге жете алатынын топшылайтын сәт туады. Дұрыс жауап біреу емес, шахмат ойнының он алты мың комбинациясындай.

Нариман Қойшыбаев,
BRIDGE TV QAZAQSTAN музыкалық телеарнасының директоры.

 
Тегтер: BRIDGE TV QAZAQSTANмедиаНариман Қойшыбаевтелеарна
Алдыңғы жаңалық

Қазақстанда уақытша еңбекке жарамсыз парағын беру процесі қатаң қадағаланатын болады

Келесі жаңалық

Қазақстандықтар 42 500 теңгені ұялы телефон нөмірімен ала алады

Ұқсас жаңалықтар

Боран «естен» тандырды
Әлеумет

Боран «естен» тандырды

Наурыз 2, 2021
коронавирус, ауру, науқас
Жаңалықтар

Бір тәулікте қанша адам коронавирусқа шалдықты?

Наурыз 2, 2021
томография
Әлеумет

Ақмолада тегін томография тапшы

Наурыз 2, 2021
Талғар, дәрігер, хирург, науқас
Жаңалықтар

Талғарда анасына ота жасайтын хирургті ұрып, қашып кеткен тұрғын ұсталды

Наурыз 2, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Боран «естен» тандырды

Наурыз 2, 08:30

Бір тәулікте қанша адам коронавирусқа шалдықты?

Наурыз 2, 08:07

Ақмолада тегін томография тапшы

Наурыз 2, 08:00

Талғарда анасына ота жасайтын хирургті ұрып, қашып кеткен тұрғын ұсталды

Наурыз 2, 07:48

Шолақ жарнамадан құтылатын күн жақын

Наурыз 2, 07:30

2 наурызға арналған ауа райы болжамы

Наурыз 2, 07:17

Баспана бағасы шарықтап барады

Наурыз 2, 07:05
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Боран «естен» тандырды

Боран «естен» тандырды

Наурыз 2, 2021
коронавирус, ауру, науқас

Бір тәулікте қанша адам коронавирусқа шалдықты?

Наурыз 2, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»