Түркістан облысында COVID-19 індетін тез анықтайтын вирусологиялық зертхана ашылды
Түркістан облысында COVID-19 індетін тез анықтайтын вирусологиялық зертхана ашылды
5,150
оқылды
Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын ерте анықтау мақсатында үшінші вирусологиялық зертхана ашылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, COVID-19 инфекциясын ерте анықтау мақсатында ашылған соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықталған вирусологиялық зертхана «Облыстық фтизиопульмонология орталығында» іске қосылып отыр. «Германияда өндірілген Xpert, БАК-ТЕК, БИОНЕР, Хайн-тест аппараттарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып коронавирус індетін анықтауға болады. Зертханаға өңірдегі ауруханалардан алынған сынамалар жолданады. Сонымен қатар ауруханаға түскен науқастар да бірден коронавирус инфекциясына тексеруден өткізілуде. Зертхана мамандары бұл әдісті жақсы меңгеріп, халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыруға өз үлестерін қосуда» дейді баспасөз қызметіндегілер. зертхана Туберкулез ауруына шалдыққан науқастар емделетін бұл ауруханада алдағы уақытта сондай-ақ 16 төсек орынға арналған пульмонологиялық бөлімше ашу жоспарлануда. Айта кетерлегі, емдеу мемесінде «Дезинфекциялау өткелі» орнатылған және күнделікті науқастар мен барлық қызметкерлердің дене қызуы тексеріліп отырады. Дәрігерлер тіпті онлайн режимде де диагностикалық кеңес беруді қолға алған. Бұл Түркістан облысында ашылған үшінші вирусологиялық зертхана болып отыр. Зертханалар қауіпті індет вирусын анықтауға қажетті медициналық мақсаттағы бұйымдар, қызметкерлердің жеке қорғаныш киімдері және залалсыздандыру мақсатында қолданылатын антисептиктермен толық қамтамасыз етілген.

Тельман БЕЙСЕНОВ.

аурухана