Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Заң жобасы Парламент депутаттарының бастамасымен қолға алынып, әзірленді. Құжат балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ көп балалы аналарға қолдау көрсету мақсатында жасалды. Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға 42 мыңнан 74 мың теңгеге дейін жеке жәрдемақы енгізілген.
Бұл арада алалау болмас үшін сегіз және одан да көп балаға төрт АЕК мөлшерінде немесе әрбір кейінгі балаға 10 604 теңге мөлшерінде жәрдемақы белгілеу ұсынылады. Жәрдемақы мөлшері - 84 мың теңге, 10 балаға - 106 мың теңге, сонымен қатар кейінгі балаларға төрт АЕК мөлшерінде қосылып отырады.Заң жобасы осындай өзгерістерді қамтиды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.