Белгілі кәсіпкер, "Бизнес бастау" шеберлік мектебінің жетекшісі Ахметбек Нұрсила "Сен" атты партия құрмақшы. Өзінің айтуынша, мақсаты - халықтың мұң-мұқтажын жоқтайтын, сөзін сөйлейтін партия құру. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды. "Мен саясаткер емеспін. Бірақ өзімді оқығаным, тоқығаным, өмірден, экономикадан тәжірибесі бар адаммын деп санаймын. Оқығаным, білгенімді халықтың игілігіне жарату үшін депутаттыққа барсам деген ойым бар.Мен партия құрсам мені қанша адам қолдайды деп ойлайсыздар? Сіз қолдайсыз ба? Егер де шынымен халық қолдаса, онда мен бел шешіп кірісемін", - дейді ол.