Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 14 мамырда Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұршақ болуы ықтимал. Күндіз найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Ертең түнде және таңертең Ақтауда тұман түседі. Таңертең және күндіз найзағай жарқылдайды. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді. 14 мамырда түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. 14-16 мамыр аралығында өңірдің кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, 14 мамырда таңертең және күндіз, 15-16 мамырда тәулік бойы желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.