Қазақстандық гуманитарлық көмекті тәжік тарапына ресми тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі. Қазақстандық ұн барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып темір жол арқылы жеткізілді. Осы жүк куәлігін Қазақстанның Душанбедегі Елшісі Асқар Тәжібаев Тәжікстан Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі директорының орынбасары Сохибджон Зиёдуллоевке тапсырды.