Түркістан облысының тағы бір ауданын су басты
Түркістан облысының тағы бір ауданын су басты
© Сурет ғаламтордан
166
оқылды
Еңбекші ауданының, Елтай елді мекенінде қатты жауын-шашын салдарынан арықтың суы тасыды. Салдарынан 60 тұрғын үй аулаларын су басып және 3 шаруашылық нысан қирады. Бұл туралы ТЖК хабарлайды.
«13 мамыр сағат 19.14 жағдай бойынша Еңбекші ауданының, Елтай елді мекенінде қатты жауын-шашын салдарынан арықтың су тасыған (су Түркістан облысы, Төлеби ауданынан келуде). Қазіргі таңда тасқын су 60 тұрғын үйді басып және 3 шаруашылық нысанды қиратқан.
ТЖД күштерімен су сору жұмыстары жүргізілуде, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің күшетірмен арықтардың механикалық тазарту жұмыстарын жүргізілуде және 60 тұрғын үйдің тұрғындарын (ЭЖП-не 150 тұрғын эвакуацияланды, 150-ге жуық тұрғын туысқандарына эвакуацияланды) Тоғыс е/м-де орналасқан №120 орта мектебінің және №119 орта мектептерде ұйымдастырылған ЭЖП-леріне (эвакуациялық жиналу пунктері) эвакуациялануда. Табиғат апатынан қаза тапқандар жоқ. Тұрғын үй аулаларындағы судың деңгейі 20-50 см-ді құрайды. Қазіргі уақытта, судың келу деңгейі 3-5 м.куб. ТЖ салдарын жою бойынша ТЖД жедел штабы құрылды.