Түркістан облысындағы су тасқыны бойынша шұғыл штаб құрылды
Түркістан облысындағы су тасқыны бойынша шұғыл штаб құрылды
© Куәгерлер түсірген сурет
212
оқылды
Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы су тасқыны бойынша шұғыл штаб құрылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Сәкен Қалқаманов айтты.
«Қасқасу ауылдық округі, Жоғарғы Қасқасу ауылында қатты жауынның салдарынан Қасқасу өзені тасып, Жоғарғы Қасқасу ауылы ішіндегі төрт көпірді су шайған. Сонымен қатар, Екпінді ауылының 4 жеке тұрғын үйіне және 15 үйдің ауласына су кірген. Барлығы 15 м.куб су сорылды. Осы жағдайға байланысты Төтенше жағдайлар департаментінде сағат 19:20-да штаб құрылды. Қазіргі таңда бұл ауылдарда су тасу қауіпі жоқ. Оқиға орнына ТЖД 82 қызметкері, 8 дана техникасы, 11 мотапомпа және жергілікті аудан ауыл әкімдіктерінен 25 қызметкер 4 дана техника күштері жұмылдырылды», - деді Сәкен Қалқаманов желідегі парақшасында.
Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтың айтуынша ең күрделі жағдай Сұлтанрабат елді мекенінде қалыптасып отыр.
«Ең күрделі жағдай Сұлтанрабат елді мекенінде қалыптасып, онда Сауран көшесінің 150 тұрғын үйі орналасқан бөлігінен су ағып өтті. Бірнеше үйлердің ауласына және үйлердің ішіне су кіру жағдайы тіркелді. Қазіргі таңда біз нақты қанша үйге су кіргенін анықтаудамыз. Ауылдық округтегі осы көшенің тұрғындарын эвакуациялау жағдайын ұйымдастырдық. Леңгір қаласындағы №8 колледждің жатақханасына орналастырдық»,- деді аудан әкімі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан обылысының Төле би ауданы мен Қазығұрт ауданындағы ауылдарында өзені арнасынан асып кеткені және  туралы хабарлаған болатынбыз.