Бүгін Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына орай «Ұлық Ұлыс – Ұлы дала тарихы» атты Халықаралық онлайн-конференция өтеді. Шарада 750 жыл бұрын тарих сахнасына шыққан Алтын Орданың өткеніне үңіліп, замана талаптарына сай ой елегінен өткізіп насихаттау мен оның ғылыми тұрғыда зерттелуі жан жақты сөз болады. Басты мақсат сегіз ғасыр бұрын сәулетті мемлекет ретінде салтанат құрған Ұлыстың держава ретіндегі рөлін жаңа қырынан ашу. Конференцияға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, белгілі отандық және Ресей, АҚШ, Әзірбайжан ғалымдары, сарапшылар, зиялы қауым өкілдері қатысады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР БҒМ Мемлекет тарихи институтымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы Халықаралық форумның онлайн-көрсетілімі ZOOM.us. платформасында өтеді және ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Facebook парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.