Павлодар облысындағы атыс: Полицияның не үшін тұрғындарға оқ атқаны белгілі болды
Павлодар облысындағы атыс: Полицияның не үшін тұрғындарға оқ атқаны белгілі болды
Фото: Интернеттен алынды
Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Ақсу ауданы Береке кентінің тұрғындары арасында жанжалдың неден шыққанын түсіндірді. Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған оқиға байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 380-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Айта кететін мәселе, полиция осыған дейін мал ұрлығының алдын алу мақсатында және «Металлогамма», «NewHantamurNC» ЖШС-нан «микросфера» күл-қоқыс шикізатын жаппай ұрлау әрекетіне байланысты Ақсу өңіріндегі Ақжол және Береке ауылдарына мобильдік бекет қойған. Ол елді мекеннен 15 шақырым қашықтықта орналасқан, яғни адамдардың еркін жүріп-тұруына еш кедергі келтірмейді. Сондай-ақ мобильдік бекет қойылғалы аумақта мал ұрлығы 35%-ға азайған. «Қалқаман ауылының жанында орналасқан мобильдік бекетке ауыл тұрғындары тиісті құжаттарсыз «микросфера» күл-қоқыс шикізаты тасымалданып жатқаны туралы хабар берген. Ал 2020 жылдың 13 мамыры күні сағат 17:30-да мобильдік бекетке Береке кентінің 30 шақты тұрғыны автомашиналармен келіп, күш қолданамыз деп қорқытып, полиция қызметкерлерінің мүлкін зақымдап, олардың оқиға орнынан кетуін талап еткен. Қалыптасқан жанжалды жою, сондай-ақ оның ушығуына жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері арнайы құралдарды қолданып, бос патронмен ескерту оғын ату арқылы осы ауыл тұрғындарының іс-әрекетін тоқтатты» делінген полиция мәліметінде. Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттен кейін қалыптасқан мәселе шешіліп, ауыл тұрғындары үлеріне тарасты. «Арнайы құралдары қолдану фактісі бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Соның барысында полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Видеода ролик авторы ауыл тұрғындары тарапынан шыққан қорқытуларды басында және соңында алып тастағаны көрініп тұр, онда полиция қызметкерлері осы тұлғалардың заңсыз әрекетін түсіндірген».