«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл жол бойына 22 дәретхана салынады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2022 жылға дейін Қазақстанда инвесторлардың есебінен 282 санитарлық-гигиеналық торап орнату жоспарда болған. Бірақ мұндай алғашқы 40 дәретхананы орнату конкурсы 2019 жылға жоспарланған. Алайда конкурс бәсекелестіктің болмауына байланысты өтпеген.
«Қазіргі таңда 40 санитарлық-гигиеналық торап орнату мақсатында ашық инвестициялық конкурсқа дайындық жүріп жатыр», – дейді «ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметі.
Компанияның хабарлауынша, жол бойындағы дәретханалардың жалпы саны алдағы уақытта жеке кәсіпкерлердің ұсыныстарына байланысты өзгеруі мүмкін.
[caption id="attachment_43530" align="alignnone" > Фото: "ҚазАвтоЖол"[/caption]
«Бүгін біз 90-нан аса өтінімді қабылдадық. Оның ішінде ірі желілік жанармай құю станцияларынан түскен өтінімдер де бар. Санитарлық-гигиеналық тораппен жабдықталған жол бойындағы сервис нысандарына бөлінетін жеке инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 34 миллиард теңгеден асады деп болжам жасап отырмыз», – дейді компания өкілдері.
Байқау шартына сәйкес, қатысушы өз қаражаты есебінен санитарлық-гигиеналық қондырғы салып, оны мемлекетке тегін тапсырады. Tengrinews.kz-тің жазуынша, бес жыл ішінде осы дәретханаларға қызмет көрсеткені үшін инвесторға ақша бюджеттен бөлінеді.
«Ақылы жолдарда ақша жолдардың ақылы учаскелерінен жиналған қаржы есебінен төленеді. Басқа жолдарда қаржы жолдарды ұстауға бөлінген бюджет қаражаты есебінен алынады», – деп түсіндірді компания.
Жол бойындағы дәретханаға техникалық қызмет көрсетудің шекті бағасы 700 мың теңгеден 1,5 миллион теңге аралығында болады. Ол инвестициялық конкурстың нәтижесі бойынша анықталады.
Инвесторлар тазалықты сақтауы шарт. Техникалық қызмет көрсетілмегені үшін айыппұлдар жүйесі қарастырылған. Егер бес жыл ішінде шағымдар болмаса, келісімшарт одан да ұзақ мерзімге жасалуы мүмкін.
Санитарлық-гигиеналық торап қандай болу керектігіне тоқтады.
«Антивандалға қарсы жабдықты, тозуға төзімді материалдарды және экологиялық талаптарға жауап беретін заманауи биосептикалық резервуарды қолдану керек. Егер электр энергиясын пайдалану мүмкін болмаса, күн панельдері мен жел генераторлары сияқты автономды қуат көздерін пайдалануы қажет», – деп түсіндірді «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.
Сонымен қатар, 2022 жылға мердігерлер есебінен жол бойында 96 дәретхана орнату жоспарланып отыр. Оның ішінде алғашқы жол бойында 22 дәретхана жылдың соңына дейін салынады. Жалпы, Қазақстанның республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 304 санитарлық-гигиеналық торап орнатылады.