Төтенше жағдай кезінде блокпосттан адамдарды заңсыз өткізіп жүрген Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері ұсталды. Алматы қаласы Жетісу аудандық соты 13-14 мамырда Жетісу аудандық әкімшілігінің жетекші мамандары С.Оразаов пен К.Аденовке қатысты шешім шығарды. https://www.youtube.com/watch?v=4ykrLIpxzeM Екеуі де кінәсін мойындады. Заң талабына сәйкес, 4 077 500 теңге – 13 300 000 теңге айыппұл төлейтін болды. Соттың шешімімен енді екеуіне де мемлекеттік қызмет атқаруға қатаң тыйым салынды. Сондай-ақ пара алуға делдалдық жасаған күдікті В.И. Ужурдың заңсыз әрекеті әшкере болды. Оған заңға сәйкес, 2 430 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Тұрғындарға Алматы қаласына кіріп-шығуға қатысты карантин талаптарын сақтамағандар қатаң жазаланатыны бұған дейін де бірнеше мәрте ескертілген.