Жапония Үкіметі гуманитарлық көмек ретінде ұсынған 12 200 таблеткадан тұратын препараттар бүгін Алматы қаласына жеткізілді, деп хабарлайды Сырты істер министрлігінің баспасөз қызметі. Бұл жаңа түрлі коронавирусты емдеу үшін қолданылатын дәрі-дәрмектер. Гуманитарлық көмек «Scat» әуе компаниясының арнайы рейсімен жеткізіліп, медициналық мекемелер арасында одан әрі тарату үшін «СҚ-Фармация» ЖШС-ға табыс етілді. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Жапония Үкіметіне екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік рухына сай келетін достық ықыласы үшін алғыс айтады.