Елімізде мемлекеттік қызметті QR код арқылы алуға болады
Елімізде мемлекеттік қызметті QR код арқылы алуға болады
136
оқылды
136
оқылды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Қазақстанда келесі айдан бастап мемлекеттік қызметті QR код арқылы алуға болатынын айтты. «Мобильділіктің тұрақты трендін есепке ала отырып, біз смартфонсыз өмірді елестете алмаймыз. Сол себепті қазір «eGov mobile» мобильді қосымшасын қарқынды түрде дамытып келеміз. Мобильді қосымшаның көмегімен қазірдің өзінде жиі сұранысқа ие 60 түрлі қызмет пен сервис қолжетімді. Ол жерде ЭСҚ-ны бармақ белгісімен бекітіп, бір түртіп қана сұраныс жолдауға болады», - деп жазады министр Facebook-тегі парақшасында. Егер сіз бұл қосымшаны белсенді түрде пайдалана білсеңіз, QR кодты санай отырып, eGov порталына тіркелуге болады. «Әріптестермен ақылдаса келе біз аталмыш технологияны қызметтерді алу үшін пайдалансақ дейміз. Азамат компьютер арқылы eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы QR-код көмегімен өтінім жазып, eGov-тағы қызметке сұраныс бере алады. Яғни қолданушыға NCA Layer орнатып, компьютерге ЭСҚ-ны сақтаудың қажеті жоқ», - дейді Асқар Жұмағалиев. Министр қазіргі таңда мамандар бұл қызметті жүзеге асыруға кірісіп кеткенін, кезең-кезеңмен мемлекеттік қызметтерді QR код арқылы алу мүмкіндігі кеңейтілетінін айтады. «Мұндай қызметті келесі айда бастауды жоспарлап отырмыз. Сол кезде алғашқы қызметтерді QR код арқылы алуға болады», - деп түйді министр.