15 мамырдан бастап Қазақстанның ішкі бағыттарына теміржол билетін сату басталады. "2020 жылдың 1 маусымынан бастап ішкі теміржол қатынасын кезең-кезеңмен қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. 2020 жылдың 15 мамырынан бастап Қазақстан аумағында жүретін жолаушылар пойыздарына билет сатылады", - деп жазылған ҚТЖ сайтында. Республикаішілік пойыздар қозғалысын екі кезеңде: 2020 жылдың 1 және 10 маусымынан бастап бастап іске қосу жоспарланып отыр. Бұған дейін бастапқы кезеңде төмендегі бағыттар бойынша 54 пойыз жүретіні айтылған болатын:
- Нұр-Сұлтаннан Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Сарыағаш, Семей, Арқалық, Павлодар, Петропавл / Қызыл ту, Орал, Жезқазған, Қызылордаға;
- Алматыдан Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған, Орал, Петропавлға;
- Қызылорда – Семей;
- Қостанай – Қарағанды, Арқалық, Алматы;
- Қарағанды – Жезқазған;
- Қызылорда – Көкшетау, Петропавл және қала маңы қатынастары.