Бекшин Алматыда балабақшалар ашылмайтынын айтты

Бекшин Алматыда балабақшалар ашылмайтынын айтты

Алматыда әзірге балабақшалар ашылмайды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық кеңесте Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты. «Қалада коронавирустың күнделікті өсімі 2 пайызға төмендеген жоқ. Сондықтан, балабақшаларды ашуға асықпаймыз», - деді қалалық кеңестің онлайн отырысында қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин. Бұған дейін карантин аясында балабақшалар қалай жұмыс істейтіні туралы баяндаған болатынбыз.