Алматыда тағы бірқатар нысан іске қосылады

Алматыда тағы бірқатар нысан іске қосылады

Алматыдағы қоғамдық тамақтандыру, ғибадат ету және қонақ үй кешендерінің нысандарына қойылған шектеу шаралары қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты кезең кезеңмен алынбақ. Атап айтқанда, қоғамдық тамақтандыру және қонақ үй кешендерінің нысандарын іске қосудың дайындық жұмыстары шеңберінде мегаполистің бизнес-қоғамдастығымен бірлесіп аталған секторлардың ұйымдарын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталған жағдайда 25 мамырдан бастап кезең кезеңмен іске қосу мәселесі талқылануда. Сондай-ақ, Алматыда тәуекел топтарын жаппай тестілеу және инфекцияның жасырын ошақтарын анықтау бойынша жұмыстардың жалғасып жатқанын назарға ала отырып, қаланың діни ғимараттарына (мешіттер, шіркеулер, ғибадатханалар, синагогалар және т.б.) бару үшін шектеуді 18 мамырдан бастап алуға әлі ерте екені айтылуда. Алматы қаласындағы ғибадат ету орындарының қызметін қайта жалғастыру және қалалықтардың оларға баруына шектеуді санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталған жағдайда 2020 жылдың 25 мамырынан бастап кезең кезеңмен алып тастау жоспарланып отыр. Барлық іске қосылатын нысандар жаңа ұсынымдарға: әлеуметтік қашықтық, жұмыс орындарындағы қатаң санитариялық режимге сәйкес жұмыс істеуге міндетті. Бұл ретте жұмыс орындарына тікелей қажетті жұмысшылар санын аталған ұйымдардың басшылары өздері белгілейтін болады. Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ