Белгілі әнші, актриса Айгүл Иманбаева әріптестерін шегірткеге теңеген кәсіпкер Ахметбек Нұрсиламен "Астарлы ақиқат" бағдарламасында сөзге келіп қалған болатын. Тіпті кәсіпкерді сотқа беретінін айтты. Содан кейін көпшілік оны сынның астына алған көрінеді. Өнер иесі көпшілікті сабырға шақырып, өзін сынағандарға жауап берді. - Ия, халық - ұлық, тобыр - былық. Абайдың 17-қара сөзінде Пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол - көп. Ендеше көпте, яғни тобырда ақыл жоқ деген. Оны мен емес, Абай атамыз айтып кеткен. Қасиетті Құранда ғайбат айту - өзіңнің туған бауырыңның етін жеумен бірдей деген. Көкбет адам жөн-жосықсыз, орынды-орынсыз аузына келгенді айтып байбаламға салатын адам емес пе? Ал, мінезді адам ол бір басқа. Жылқыда да мінез бар. Жуас жылқыны адамдар тек жұмысқа жегеді. Ал, асау жылқы аламанда шабады. Мінезді адам ғана тұлғалыққа бара алады. Ия, мен мінездімін, екіжүздімін. Бірінші жүзім - мейірімді, шынайы, ашық. Ал, осы болмысымды аяққа таптағанда мен ғана емес, әр адамның жан айқайы көмекке келсе керек, - деп жазды әнші. https://www.instagram.com/p/CAGEmdrAV-A/