Қалааралық автобустар қашаннан бастап жүреді?
Қалааралық автобустар қашаннан бастап жүреді?
© 24.kz
122
оқылды
Қалааралық автобустардың жүруі санитарлық-эпидемиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты болады. Бұл туралы Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің санитарлық-карантиндік пункттерінің басшысы Дария Әзімбаева брифингте айтты. «1 мамырдан бастап әуе қатынасы ашыла бастады. Енді, міне, 1 маусымнан бастап теміржол қатынастары ашылады. Қалалар арасында қатынайтын автобустардың жүруіне рұқсат берілмеудің себебі, әуе көлігінде жолаушылардың денсаулығын қадағалайтын бортсеріктер болса, теміржол көлігіндегі вагондарда жолсеріктер бар. Сол себептен қалааралық автобустар әзірге жүрмейді. Елдегі эпидемиялық жағдай тұрақталса, автобус қатынастары да ашылады», - деді ол. Жеке көліктердің қалааралық қозғалысына да елдегі эпидемиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты рұқсат етілетінін айтып өтті.