25 маусымға дейін фитнес-орталықтар мен бассейндер ашылмайды. Бұл туралы Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады. «Фитнес-орталықтар мен бассейіндер індет жұқтыруға аса қауіпті нысандарға жататынын анықтадық. Бұл жерлерде жоғары ылғалдылық бар. Сондықтан, бұл нысандар ең осал топқа жатады. Жақын арада олар ашылмайды. Яғни 25 маусымға дейін рұқсат жоқ»,– деп түсіндірді Жандарбек Бекшин. Бас санитар дәрігер бұған дейін балабақшалардың да жұмыс істемейтінін айтқан болатын.