Пойыздар қозғалысы жанданған кезде жолаушылар аса көп болмайды - Сәдуақас Байғабылов
Пойыздар қозғалысы жанданған кезде жолаушылар аса көп болмайды - Сәдуақас Байғабылов
© сурет интернеттен алынды
Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов 1 маусымнан бастап пойыздар қозғалысы жанданған кезде жолаушылар айтарлықтай көп болмайтынын айтты. «Әуе тасымалындағы сияқты осы қызметтерді негізінен төтенше жағдай кезінде қалаларда қалып қойған жолаушылар пайдаланады. Сонымен қатар, қызметтік іссапарға жіберілгендер жолға шығады. Дәл солай теміржол көлігінде де болады», - деді Байғабылов Орталық коммуникациялар қызметінде. Оның пайымынша, теміржол көлігімен тасымалдау жанданғандағы бастапқы кезеңде жолаушылар айтарлықтай көп болмауы мүмкін. «Әуе көлігімен тасымалдауды мониторингілеу кезінде тұрғындар өздерінің денсаулығына жауапкершілікпен қарағанын байқадық. Олар ауру жұқтырмас үшін барлық талаптарды қатаң ұстанды. Теміржол көлігімен сапарлау кезінде де жолаушылар осы талаптарға ерекше мән береді», - деді ол. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2020 жылғы 1 маусымнан бастап Мемлекеттік бас санитар дәрігердің талаптарын сақтауды ескере отырып, кезең-кезеңмен ішкі теміржол қатынасын жандандыру жоспарланып отыр.