«ҚазАгроҚаржы» АҚ мақтааралдықтар үшін бір жарым жылға лизинг пайызын есептеуді тоқтатты

«ҚазАгроҚаржы» АҚ мақтааралдықтар үшін бір жарым жылға лизинг пайызын есептеуді тоқтатты

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен қарыз алушыларына бір жарым жылға лизинг бойынша пайыздық есептеуді тоқтатты. Бұл туралы «ҚазАгро» холдингінің баспасөз қызметі хабарлады. «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ Премьер-Министрдің Түркістан облысында болған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша берген тапсырмасын орындау үшін төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен фермерлерді қолдау шараларын әзірледі. Сонымен, су тасқынынан зиян келтірілген «ҚазАгроҚаржы» АҚ қарыз алушыларына бір жарым жыл мерзімге пайыздық есептеулері тоқтатылды, ал негізгі қарызды төлеу мерзімі сол мерзімге ұзартылды. Сонымен бірге, көрсетілген кезеңге төлемдердің мерзімін өткізіп алғаны үшін тұрақсыздық айыптары есептелмейді. Бұл шарттар Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан туындаған төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның қазіргі қарыз алушыларына қатысты қолданылады. Айта кетейік, 2020 жылдың 1 мамырында болған су тасқынына байланысты Түркістан облысының Мақтаарал ауданында жергілікті ауқымдағы техногендік төтенше жағдай жарияланған болатын.

Тұмар МЫРЗА