42 500 теңге: 330 мың өтінішке жауап берілді
42 500 теңге: 330 мың өтінішке жауап берілді
© сурет интернеттен алынды
115
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңге бойынша 330 мыңнан астам сұраққа түсіндірме берді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылғандарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге тағайындауға қатысты азаматтардың 338 мың өтінішіне түсіндірме берді. 13 мамырдағы жағдай бойынша халықпен байланыстың барлық арналары арқылы Еңбекминіне және ведомстволық бағынысты ұйымдарына азаматтардан 42 500 теңге тағайындауға және төлеуге қатысты 696,4 мың өтініш келіп түсті. Осылайша, 42500@enbek.kz электрондық адресіне 571,1 мың өтініш түсті. Оның ішінде Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметкерлері 241,6 мың өтінішке жауап берді. 42500@gfss.kz электрондық адресіне 108 мың өтініш түсті. Оның ішінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметкерлері 76,4 мың өтінішке жауап берді. Басқа байланыс арналары арқылы МӘСҚ-қа 7,1 мың өтініш келіп түсті, оның ішінде 6,3 мыңына жауаптар берілді. Еңбекминіне, оның ішінде министрдің блогына, Facebook және Instagram ресми аккаунттарына 10,1 мың өтініш келіп түсті, оның 7,1 мыңына жауап берілді. Сонымен қатар, Еңбекмин қызметкерлері коронавирус бойынша өтініштерді қабылдау орталығына келіп түскен 6,6 мың өтінішке жауап берді. Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның «1411» әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі байланыс орталығында 1-13 мамыр аралығында «42 500 теңге» төлеу мәселелері бойынша азаматтардың 58,1 мың өтінішіне түсініктеме берілді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.