Маңғыстаудан жолаушылар пойызы бес бағытқа жүре бастайды
Маңғыстаудан жолаушылар пойызы бес бағытқа жүре бастайды
© сурет интернеттен алынды
Маусым айынан бастап Маңғыстау теміржол станциясынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау және Бейнеу бағыттары бойынша жолаушылар пойызы жүре бастайды. Бұл туралы Маңғыстау теміржол вокзалының бастығы Алма Айымқұлова хабарлады. Оның айтуынша, қауіпсіздік шаралары теміржол вокзалы мен жолаушылар пойызында да қатаң сақталады. Залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. «Адамдар вокзал ішінде және сыртында 1 метр арақашықтықты сақтап тұруы маңызды. Осы мақсатта бір-бірнен алшақ тұруы үшін жерге арнайы белгілер қойылады» - деді ол Маңғыстау облыстық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында. Теміржол билеттері 15 мамырдан бастап кезең-кезеңімен сатылымға шығады. 1 маусымда Маңғыстау станциясынан күн сайын жүретін №309/310 «Маңғыстау – Ақтөбе» пойызына, ал 2 маусымнан бастап жұп күндері жүретін №37/38 «Маңғыстау – Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» пойызына билеттер сатыла бастайды. Қалған пойыздардың жүру қозғалысы туралы ақпарат алдағы уақытта қосымша хабарланады. Тұмар МЫРЗА