Вокзалға жолаушыны шығарып салатын адамдар кірмейді – Көліктегі бас санитар дәрігер
Вокзалға жолаушыны шығарып салатын адамдар кірмейді – Көліктегі бас санитар дәрігер
© Baigenews.kz
204
оқылды
Мемлекеттік комиссияның шешімімен 1 маусымнан бастап Қазақстан ішінде теміржол қатынасы қайта жанданады. Бүгін Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов теміржол вокзалдары мен пойыз ішіндегі тазалыққа қандай талап қойылатынын айтып берді.
«Біріншіден, теміржол вокзалдарына бетіне бетпердесі мен қолында жолаушы билеті бар адамдар ғана кіре алады. Кіреберісте вокзалдың қауіпсіздік қызметі байланыссыз температура өлшейді. Вокзалдар мен вагондарда салқындатқыш, деинфекциялық құрал жабдықтардың бар-жоға тексеріледі», - деді Байғабылов.
Сондй-ақ, оның айтуынша, теміржол вокзалдары мен жолсеріктер міндетті түрде медициналық қолғап және бетперде киюге міндеттеледі. Ал, жолаушылардың вагоннан вагонға өтуіне шектеу салынады. «Ең бастысы, теміржол вокзалдарына жолаушыны шығарып салатын адамдар кірмейді», - деп хабарлады көліктегі бас санитар дәрігер. Ал, билеттердің көбі онлайн түрде сатылады және пойыз ішінде адамдар сатылған билеттерге сәйкес, алдын ала белгіленген орындарға отырады. Жолаушылардың өзімен бірге азық-түлік алып кіруіне рұқсат берілген.