Желіде полицей мен прокурордың әңгімесі тарады: тергеу басталды

Желіде полицей мен прокурордың әңгімесі тарады: тергеу басталды

Маңғыстау облысының полиция департаменті желіде тараған видеоға қатысты қызметтік тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Бұған Ербол Еділовтің Telegram-каналында Маңғыстаудағы полиция қызметкері мен прокуратурасының әңгімесі делінген аудиожазбаның тарауы себеп болған.

Жарияланған жазбада полицейдің қызметінен шеттетілгені айтылады. Содан ол прокуратура қызметкерінен көмек сұрайды. Ол болса Маңғыстау облысының полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысымен кездестіруге уәде береді, яғни белгілі бір сомаға проблеманы шешіп беруге уәде береді.
Өңірлік полиция департаментінің өкілі бұл аудиожазбаға пікір білдірді. "Әлеуметтік желілерді бақылау барысында 14 мамырда Ербол Еділовтің Telegram-каналында полицей мен прокурордың әңгімесі жазылған аудио жарияланды. Осы аудиоға байланысты полиция департаменті қызметтік тергеу бастады", - деді ведомствоның баспасөз қызметі. https://www.youtube.com/watch?v=dpv-IF0fIw4&feature=emb_logo