Талдықорғандағы әскери бөлімнің бірнеше лауазымды тұлғасы пара алды деген күдікке ілінді
Талдықорғандағы әскери бөлімнің бірнеше лауазымды тұлғасы пара алды деген күдікке ілінді
© сурет интернеттен алынды
170
оқылды
«Талдықорған гарнизоны №18404 Әскери бөлімі» РММ-нің командиріне, әскери бөлімнің тыл орынбасарына және тамақтану қызметінің бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Лауазымды тұлғалар Талдықорған гарнизонының әскери бөлімінде тамақтану қызметін көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде қамқорлық жасау үшін пара алды деп күдіктеледі. «Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып «Талдықорған гарнизоны №18404 Әскери бөлімі» РММ-нің командиріне, әскери бөлімінің тыл орынбасарына және тамақтану қызметінің бастығына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Лауазымды тұлғалар келу туралы міндеттеме алуына байланысты процестік ұстау шарасы қолданылған жоқ. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешімі қабылданатын болады, - делінген Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің таратқан хабарламада.