Енді қайық көшедегі суға жүзбейді – елорда әкімдігі Момышұлы даңғылын су алмайтынына сендірді
Енді қайық көшедегі суға жүзбейді – елорда әкімдігі Момышұлы даңғылын су алмайтынына сендірді
© Сурет ғаламтордан
110
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жылда жаздағы нөсербе су алып кететін Б.Момышұлы даңғылындағы проблеманың шешімін тапқанын жария етті
«Бауыржан Момышұлы даңғылындағы жауынға арналған нөсер суы жүйесінің магистральдық коллекторы құрылысын жүргізу барысында бұрын салынған құбырлар алынып тасталды. Құбырларды ашқан кезде олардың батпақпен толық бітеліп қалғаны анықталды. Осылайша алдағы уақытта көшені су алып кетпеу үшін көлемі кіші құдықтар ауқымды камераға ауыстырылады. Бұл өз кезегінде телеинспекцияны кедергісіз жүргізіп, коллекторды тазартып отыруға мүмкіндік береді», - деп хабарлайды қала әкімдігі Инстаграм парақшасында .
Сонымен қатар алдағы уақытта Б.Момышұлы даңғылы бойынша бордюр бөлігінің жанындағы құбырлардың диаметрі кеңейтіледі. Жауын-шашын суын қабылдайтын науа орнатылады. Қала әкімдігі осы шаралардың бәрі де ағын суды қабылдауға қауқарлы екендігіне сендіреді.
«Жауын-шашын кәрізінің магистральдық коллекторының құрылысы осы жылдың жазында аяқталады. Қайықпен жүретінде жайылма су көшеге көлкіп шықпайды. Аталмыш жауын-шашын кәрізінің ұзындығы 500 метр – Дауылпаз көшесінен басталып, Елім-ай көшесіне дейін жалғасады», - делінген хабарламада.
Даңғыл бойында автокөліктердің қозғалысына қазір ішінара шектеу қойылған. 15 мамырда жөндеу жұмыстарына байланысты аталмыш көшедегі қозғалысқа 10 күнге шектелді.
«Сонымен қатар елордада «Жастар» (Молодежный) шағын ауданындағы тазарту құрылымының құрылысы жүргізілуде. Ондағы жаңа құрылымның қуаты тәулігіне 42 мың текше метр. Ол кәріздің өткізу қабілетін едәуір арттырады. Аталмыш тазарту құрылымдары Ж.Тәшенов, Бараев, Ш.Уәлиханов, Иманбаева көшелері мен Республика даңғылын су алудан сақтайды. Айта кетерлігі 2019 жылы Мыңжылдық аллеясындағы екі бірдей жауын-шашын кәрізінің учаскесіндегі проблема шешілген еді», - деп хабарлайды қала әкімдігінен.
Еске сала кетсек осыдан екі жыл бұрын елордада толассыз жауған нөсерден қала көшелерін су басып кеткен болатын. Жайылма су басқан осы тұста екі жігіт үрлеме қайықпен жүзген. Бұл әрекетті Астана қалалық ІІД ұсақ бұзақылық деп бағалап, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 434-бабына сәйкес хаттама толтырған және Астананың арнайы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты олардың әрқайсысына 5 АЕК (12 мың 025 теңге) айыппұл салған еді. Алайда көп өтпей қалалық сот қайықпен жүзген тұрғындарға салынған айыппұлды алып тастады.