Сайлау күні Көкшетауда жолақысы екі есеге арзандады

Сайлау күні Көкшетауда жолақысы екі есеге арзандады


Көкшетауда әдетте автобуста жүру жолақысы 80 теңге болса, бүгін сайлау күні қалаішілік жолаушылар тасымалымен айналысатын барлық автобус парктері 40 теңгеге арзандатып отыр.

«Жеңілдік жергілікті тұрғындардың саяси белсенділігін арттыру мақсатында жасалды», - дейді автопарк басшылығы. Сайлау күні елордалық және шымкенттік автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды.