BBC телекомпаниясы Жетісу жерінің керемет табиғаты жайлы видеоролик түсірді. Арнайы түсірілімде Жетісу жерінің Көлсай көлдерін, Бұрқанбұлақ сарқырасын, Шарын шатқалын, Алтынемел ұлттық паркіндегі «Бесшатыр» қорғандарын, әйгілі Айқайқұм cияқты көрікті жерлерді көруге болады. «Бұл көк аспанмен астасқан кең-байтақ Қазақ даласы. Қандай керемет! Таудан құлай аққан сарқырама, күн сәулесі құшағына алған ұлы дала, тарихты қойнауына жасырған құмтөбелер мен шексіз адалдықтың айнасындай мөлдір таза өзен-көлдер. Мұндай сұлулықты басқа еш жерден кездестірмейсің. Қазақстан – қайталанбас таң шапағы», –деп қазақ елін бейнероликте суреттеген. https://www.facebook.com/ZhetysuPress/videos/261822508271650/ Бейнежазба қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланған. Ұзақтығы - 30 секунд. Видеоролик Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген.