Тараздық оқушы 4 жылда 7 мемлекетте оқып, саяхаттауға шақырту алды
Тараздық оқушы 4 жылда 7 мемлекетте оқып, саяхаттауға шақырту алды
Фото: Интернеттен алынды
414
оқылды
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Дайана Бестерековаға әлемнің үздік инновациялық жоғары оқу орнының бірі Минерва университетінен (Minerva Schools at KGI) шақырту алды. Университеттің грантын жыл сайын талапкерлердің 1-2 пайызы ғана ие бола алады. Солардың бірі – Дайана Бестерекова. Енді тараздық оқушының 4 жыл ішінде 7 мемлекетте білім алып, саяхаттауға мүмкіндігі бар. Талапкер 1-курсты Сан-Францискода оқыса, 2-курстан бастап Сеул, Гидробад, Буэнос-Айрес, Берлин, Лондон және Тайпейде оқитын болады. Оқу ордасының басты ерекшелігі – осында. Студенттер ел аралап жүріп, білім мен тәжірибе жинақтайды. «Минерва университетіне оқуға түсуге талап өте жоғары. Шақыру қағазы келгенде қатты таңқалдым. Бала күнімнен әлемді аралап, түрлі мәдениет пен салт-дәстүрдің куәсі болуды армандайтынмын. Сондықтан Минерва мен үшін сапалы біліммен қатар, баға жетпес тәжірибе алуға мүмкіндік беретініне сенімім мол», – дейді Д.Бестерекова. Дайана болашағын қоғамдық ғылымдар мен бизнеске арнағысы келеді. Шетелден оралған соң, елдегі әлеуметтік бизнес саласын дамытуды көздейді.