Air Astana ішкі бағыттар желісін жандандыруда
Air Astana ішкі бағыттар желісін жандандыруда
154
оқылды
Air Astana Қазақстанның облыс орталықтарына тұ­рақ­ты рейстерді қалпына келтіруде. Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында бұрын басталған рейстерге қосымша,12 мамырда Алматы–Ақтөбе–Алматы және Алматы–Қызылорда–Ал­ма­т­ы бағыттары бойынша ұшулар басталды, ал 13 ма­мыр­да Алматы–Өскемен–Алматы, Нұр-Сұлтан–Ақтөбе–Нұр-Сұлтан және Нұр-Сұлтан–Қызылорда–Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша рейстер басталды. 14 мамырдан бастап рейстер Нұр-Сұлтан–Өскемен–Нұр-Сұлтан бағытында, 15 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан–Шымкент–Нұр-Сұлтан бағытында, 16 мамырдан бастап Алматы–Ақтау–Алматы, Алматы–Шымкент–Алматы, Нұр-Сұлтан–Орал–Нұр-Сұлтан және Нұр-Сұлтан–Ақтау–Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша рейстер орындала бас­тайды. Ұшулар үшін Airbus A320 / A321 және Embraer E190-E2 ұшақ­тары қолданылады. Ұшу кестесі мен жиілігін airastana.com веб-сайтында «Жоспарлау» - «Ұшу туралы ақпарат» бөлімінен білуге болады. Билеттерді әуекомпанияның сату кеңселерінде, әуе­компанияның веб-сайтында, ақпарат және брондау ор­та­лы­­ғында, сондай-ақ әуекомпания мен IATA аккре­ди­т­тел­ген агенттіктерден сатып алуға болады.  

Алтынбек ТОЛЫМБЕКОВ, Алматы