Facebook бейнеқоңыраумен хабарласатын жаңа функцияны іске қосты
Facebook бейнеқоңыраумен хабарласатын жаңа функцияны іске қосты
Фото: Интернеттен алынды
162
оқылды
Facebook әлеуметтік желісінде Messenger Rooms топтық бейнеқоңыраулар сервисі 14 мамырда АҚШ пен Канадада ресми түрде іске қосылды. Компания басшысы Марк Цукерберг өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бүкіл әлем бойынша қосымшаның іске қосылуы келесі аптаға белгіленгенін мәлімдеді. «Қазақпараттың» жазуынша, бұл сервис коронавирус пандемиясына байланысты бейнеқоңырауларға сұраныс артқандықтан жасалып отыр. Мұндай конференцияларды Facebook немесе Messenger қосымшалары арқылы жасауға болады. «Сіз жеке «бөлме» (Room) жасай аласыз және сілтеме арқылы бірнеше досыңызды шақыра аласыз немесе өз тобыңыздың біреуіне сіз жоспарлап отырған шараға арналған «бөлме» жасай аласыз. Бұдан бөлек, барлық достарыңыз үшін жаңалық таспасының жоғарғы жағында бөлме жасап, кімнің кіргенін көре аласыз», – деп жазды Цукерберг. Messenger Rooms сервисінде уақытқа шектеу жоқ, «бөлмеге» 50 адамға дейін тіркеуге болады. Жақын арада топтық қоңыраулар Цукерберг компаниясына тиесілі WhatsApp және Instagram әлеуметтік желілерінде де қолжетімді болады.