Мақтаарал тәжірибесі іске жарады
Мақтаарал тәжірибесі іске жарады
142
оқылды
Түркістан облысындағы Төлеби, Қазығұрт, Бәйдібек аудандарында болған нөсер жауынның салдарын жоюда Мақтааралдағы тәжірибе пайдаланылмақ. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты. Әкім су шайған ай­мақ­тар секторларға бөліне­тінін атап өтті. Ал облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың айтуынша, жауын салдарынан пайда болған тасқынның кесірінен жалпы саны 522 үйдің ауласын су шайып, 258 адам эвакуацияланған. Облыстық Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, Қазығұрт ауданында 6 үйдің ауласы мен Қаржан ауылындағы «Семби» емханасының аума­ғын су басқан. С.Рахымов ауыл­дық округінің тұрғындарын эвакуа­циялауға төтенше жағдай қызметкерлері жұмылдырылып, Көкбел ауылынан 133 адам эва­куа­цияланған. Ауыл тұр­ғын­дары туыстарының үйлеріне жайғастырылған. Қазіргі таңда су басқан аймақтардағы арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілуде. «Бәйдібек ауданындағы Ақбастау ауылдық округіне қарасты Тұрақты каналынан тасыған су 3 елді мекендегі 13 үйдің ауласын басып қалды. Су деңгейі 20 см-ге дейін кө­теріл­ген. Төтенше жағдай қыз­меткерлерінің көмегімен Тұрақты ауылынан 55 адам Ақбастау ауы­лындағы Ш.Уәлиханов орта мектебіндегі эвакуациялық пунк­тке орналастырылды. Оның ішінде 18-і жас балалар. Об­лыстық ТЖД жанынан жер­гілікті атқарушы органдар мен по­лиция қызметкерлерінен құралған жедел штаб құрылды. Су тасқыны зардабын жоюға 612 маман мен 84 техника, 47 мотопомпа тартылды», – деді Сәкен Қалқаманов.    width= Ал қазір облыста табиғи апат­тың салдарын жоюға тиісті құрылымдар белсене қатысып жатқанын атап өту керек. Тіпті, кейбір өңірлерде өткелдер мен көпірлерді қалпына келтіру жедел жүргізілген. Мәселен, Төлеби ауылындағы Қасқасу елді мекенінде орналасқан 2 көпірді толық су шайып кеткен, 1 көпірге зақым келген. Жергілікті маңызы бар тағы бір көпірді су шайған. 4 көпірді толық ретке келтіру жұмыстары тынымсыз жүргізілуде. Нәтижесінде, екі өткел толық ретке келтіріліп, ауылдардың байланысы ашылды. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов жөндеу жұмыстары жедел жүргізіліп жатқанын айтты. «Орташа жөндеу жұмыстары ты­нымсыз жүргізіліп жатыр. Қасқасу елді мекеніндегі шайылған құбырларды қалпына келтіру мақ­сатында тиісті техникалар жұмыл­дырылып, материалдар жет­кізілді. 4 көпірдің екеуі бір күнде қалпына келтірілді. Тағы бірі реттеліп, жаяу жүргіншілер үшін ашылды. Ертеңге дейін аяқтап, көлік жүру үшін ашамыз. Соңғысына қатысты жұмыстар қаржы мәселесінің шешілуін та­лап етеді. Сондай-ақ бұл жұмысқа 20 техника және 21 жұмысшы жұмылдырылды», – деді басқарма басшысы.  

Телман БЕЙСЕН, Түркістан облысы