Нөсер жаңбырдан зардап шеккен төлебиліктерге мақтааралдықтар көмектесіп жатыр
Нөсер жаңбырдан зардап шеккен төлебиліктерге мақтааралдықтар көмектесіп жатыр
Фото: Интернеттен алынды
140
оқылды
Нөсер жауыннан зардап шеккен Төлеби ауданы тұрғындарына енді мақтааралдықтар көмекке келді. Су тасқынынан зардап шеккен соң, қауіпсіз жерге көшірілген 105 отбасына бірінші кезекте қажетті 12 түрлі азық-түлік пен киім-кешек, химиялық және медициналық заттар жеткізіп берді. Мақтааралдықтар қиындықты бастан өткеріп жатса да, Төлеби ауданындағы табиғи апаттың салдарын жоюға көмектесіп жатыр. Гуманитарлық көмек жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайдың зардаптарын жою жөніндегі аудандық штабтың қоймасына жеткізілді. «Өздері қиын жағдайда болса да, біздің жағдайымызды ести сала көмекке келген Мақтаарал ауданының азаматтарына алғысымызды айтамыз»,– деді Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков. Айта кетейік, айтып келмейтін апатты еңсеруде Мақтаарал ауданы мен Жетісу өңірінен келген ерікті жастар көмектесіп жатыр.