Арыстағы жарылысқа қатысты 16 күдікті сотта жауап беріп жатыр
Арыстағы жарылысқа қатысты 16 күдікті сотта жауап беріп жатыр
Фото: Интернеттен алынды
130
оқылды
Түркістан облысы Арыстағы жарылысқа қатысты күдікке ілінген әскерилер сот алдында жауап бере бастады. Күдіктілер саны – 16. Қазірдің өзінде жылдың ең маңызды процесі делініп жатқан Шымкент гарнизоны әскери сотындағы істе жәбірленушілердің саны мың жарым адамнан көп, – деп хабарлайды КТК. Телеарнаның хабарлауынша, күдікке ілінген әскерилердің барлығы Арыстағы жарылысқа дейін шенді офицерлер болған. Мәселен, № 44859 әскери бөлімінің командирі мен оның артиллериялық оқ-дәрі орналасқан қоймаға жетекшілік еткен орынбасары бар. Екі офицерге Қылмыстық кодекстің «Жарылғыш заттарды қолдану ережелерін бұзу» және «Абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкелу» бабымен іс қозғалған. Жалпы, істің 400 томнан асып кеткеніне қарағанда, процесс ұзаққа созылатын түрі бар. Былтыр 24- маусымда Арыс қаласындағы жарылғыш заттар сақталған қоймада бірнеше күн қатарынан жарылыс болған. Апат салдарынан бір тұрғын мен екі әскери қызметкер қаза тапты. 200-ден астам адам түрлі жарақат алды. Арасында балалар да бар. Арыстағы апаттан соң, қала қайта қалпына келтірілді.