Қытайда Джек Мадан да бай адамның есімі белгілі болды  
Қытайда Джек Мадан да бай адамның есімі белгілі болды  
Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма Қытайдың ең бай адамдарының тізімінде көш бастап тұрған. Қытайдағы ең бай адам атағына енді Tencent компаниясының басшысы Ма Хуатэн ие болды, – деп жазады Forbes журналы. Коронавирус пандемиясы кезінде онлайн ойындардың ең ірі дистрибьюторы Tencent-тің акциялары жыл басынан бері 14% өсті. Ал бірінші тоқсанда компанияның ойындардан түсетін табысы 31%-ке артты. COVID-19 кезіндегі шектеулерге байланысты мобильді ойындарға сұраныс артқан. Forbes-тың мәліметінше, 14 мамырдағы жағдай бойынша Хуатэннің байлығы – 48,3 млрд доллар. Ал Джек Maның қазір шамамен 41,2 млрд доллар қазынасы бар. Бірақ Forbes басылымы Tencent-тің кірісінің өсуі уақытша болуы мүмкін екенін және шектеулердің біртіндеп алынуына байланысты адамдардың онлайн ойындарға деген сұраныс азаятынын да жазған.