Нөсер жаңбырдан Алматыда су тасып, ағаштар құлаған
Нөсер жаңбырдан Алматыда су тасып, ағаштар құлаған
Фото: Интернеттен алынды
115
оқылды
Алматыда түнімен жауған жауыннан аулаларды су басып, ағаштар құлаған. «21 ауланы су басып, 19 ағаш құлаған. Төтенше жағдайдан ешкім жапа шеккен жоқ. 14 мамырдағы дауыл болатыны жайлы ескертуден кейін қаладағы барлық құтқару қызметтері дайын тұрған» делінген қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.   Алматы, су тасқыны, апат, жаңбыр Қазірге дейін 15 жекеменшік үйдің ауласына кірген су тоқтатылды. 4 жолды су шайған. 2 көпқабатты үйдің жертөлесіне су кірген. Қатты желден 8 ағаш көліктердің үстіне, 11 ағаш жолға құлаған. ТЖД қызметкерлері барлығы 840 текше метр суды сорғышпен сорып, су басқан аймақтарды құрғатты.