Facebook желісінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалған парақшасы пайда болды, – деп хабарлайды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли. Ол азамат Талғат Қатауовтың Президенттің парақшасы туралы сауалына жауап берген. Мұндай жалған парақшаға, ақпаратқа сенудің қажеті жоқ екенін айтты. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ашылған жалған аккаунттар мен парақшалар бұған дейін де көп болған. Бола беретін де шығар. Әлеуметтік желілерде ашылып жатқан мұндай фейктерге сенудің қажеті жоқ. Өзіңіз айтып отырғандай, Қасым-Жомарт Кемелұлы Твиттерде және Инстаграмда тіркелген. Ал Фейсбукта Мемлекет басшысының атынан тіркелген барлық аккаунттар мен парақшаларға сенбеуге шақырамын», – деді Берік Уәли. [caption id="attachment_43817" align="alignnone" > Фото: Берік Уәлидің парақшасынан[/caption]